Димаштың Венгрияда өтетін концертіне әлемнің 361 қаласынан билеттер сатып алынған
Димаштың Венгрияда өтетін концертіне әлемнің 361 қаласынан билеттер сатып алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай ақпаратты танымал әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі, қоғам қайраткері Қанат Айтбаев мәлімдеді.
Венгрияның астанасы Будапешт қаласында 2024 жылғы мамырдың 4 күніне жоспарланған Димаштың "Stranger" атты концертіне ұйымдастырушылардың берген мәліметіне сейкес осы кезге дейін Аргентина, Аустралия, Аустрия, Бельгия, Босния, Болгария, Канада, Колумбия, Хорватия, Кипр, Чехия, Дания, Сальвадор, Эстония, Финляндия, Франция, Грузия, Германия, Греция, Қытай, Венгрия, Чили, Индонезия, Ирландия, Израиль, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Малайзия, Мексика, Нидерланд, Жаңа Зеландия, Норвегия, Перу, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Сингапур, Словакия, Словения, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Испания, Швеция, Щвейцария, Тунис, Түркия, Украина, Ұлыбритания, Уругвай, АҚШ, Белорусь елдерінің 361 қаласынан билеттер алыныпты, - деді Қанат Айтбаев.
Ол Димаштың жанкүйерлеріне алғыс айтты.
Ықылас, ниеттеріңіз үшін көп рахмет, қымбатты достар! Концертте кездескенше! – деді қоғам қайраткері.