Димаштың ұсынған идеяларын міндетті түрде ескеретін боламыз – Саясат Нұрбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Dimash Kudaibergen Димаш Құдайберген бүгін бізге қонаққа келді.Әлемге әйгілі әнші студенттік шығармашылықты дамыту және студент жастардың қатысуымен болатын жобалары жөніндегі идеяларымен бөлісті, – деді министр.

Сонымен қатар шығармашылық индустрия және мәдениет саласындағы менеджмент саласына қажетті кадрлар даярлау мәселелері де талқыланды.

Димаш Құдайбергеновтің ұсынған идеяларын біз Ғылым және жоғары білім министрлігінің жұмысы барысында міндетті түрде ескеретін боламыз. Алдағы уақытта да байланысымызды үзбей, үнемі пікір алмасып тұратын болып келістік. Димаш өз мүмкіндіктері мен күш-жігерін ғылым мен білімді насихаттауға салуға дайын екендігі біз үшін өте қуанышты, – деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы