Димаштың шығармашылығына арналған радио Чилиден де ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Чилиде "DEARMASH FM" тәулік бойғы интернет-радио жұмыс істей бастады. Радио толқынында аптаның 7 күнінде Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалады. Бұл туралы dimashnews.com сайты хабарлады.

Радиостанция Димаштың шығармашылығын, Қазақстанның мәдениетін насихаттау мақсатында ашылған. Интернет радионы Чили халқы ғана емес, барлық Латын Америкасы тыңдай алады. Радионың негізін қалаушы әрі директоры – Карлос Пачеко. Жұмысты жолға қойып, жоспарды жүзеге асыруға Мария Инес Санчес пен Вивиана Суньига да үлес қосты, - делінген ақпаратта.
Әр жұма сайын, Чилидің жергілікті уақытымен 22.00-де "DEARMASH FM" радиосында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы әндермен бірге арнайы бағдарлама ұсынылады. Онда қазақстандық әншінің шығармашылық жолы, Қазақстан туралы мәліметтер беріледі.

1-інші және 2-інші бағдарламалар: "The singer"; 3-інші бағдарлама: "Димаш және Игорь Крутой"; 4-інші және 5-інші бағдарламалар: "Казақстан". Бұл радиобағдарламаларды тұрақты түрде трансляциялауға Димаштың Оңтүстік Америкадағы жанкүйерлері құрған "DQ Alianza Sudamericana Official" тобы қолдау танытып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Польшада "RadioDimash.pl" радиостанциясын іске қосқанын жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы