4 Маусым 2025 2025, 00:30
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Димаштың испаниялық фанаттары қазақша ән шырқады
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде Барселонада өткен фан-кездесудің видеосын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Instagram желісінде Барселонада өткен фан-кездесудің видеосын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдымен әнші тыңдармандарының оны қалай қарсы алғанын және жалпы кездесудің қалай өткенін көрсетті.
Тыңдармандар "Махаббат бер маған", "Дудар-ай", "Тау ішінде» әндерін Димашпен бірге орындаған.
Содан кейін Димаш фан-кездесудің видеосын бөлісті.
Фан-кездесуде сондай жылы, жайлы атмосфера болды. Ол жерде болғандар бақытты жандар", "Әлемдегі ең үздік әртіс және ең адал жанкүйерлер! Димаш, бізбен бірге болғаныңыз үшін рахмет", «Димаш, кездесу керемет өтті, саған көп рахмет. Сенің бақытты, жайдары жүзіңді көргеніме қуаныштымын, - деп жазды желі қолданушылары.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген өзінің жеке концертін қою үшін Барселонаға ұшып барды. Әуежайда әртісті журналистер мен оның шығармашылығын бағалайтын тыңдармандары құшақ жая қарсы алды.