Димаштың бейнебаяны Мексика метросында көрсетіліп жатыр
27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың KIELI MEKEN әніне жазылған бейнеклип көрсетіле бастады. Бұл шараны Наурыз мерекесіне орай Димаштың мексикалық жанкүйерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews сайтына сілтеме жасап.
Акцияны мексикалық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған.
Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. Бұл «Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубының Dears Мехикодағы медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет өткізіп отыр.
Метро қаланың негізгі көлік құралдарының бірі болғандықтан, бейнебаянды 3 миллионға жуық адам көреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатор: Топан су келгенде, күш пен қаражат жетпей қалады
Өзгелердің жаңалығы