7 Қыркүйек 2026, 23:20 Фото: dimashnews.com

Димаштың "AQERKE" әні халықаралық жазғы рейтингте үздік үштікке енді

Жазғы хиттер рейтингін әлемнің әр елінен дауыс берген тыңдармандар анықтаған.

Димаш Құдайбергеннің "AQERKE" композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы өткізген #UltimateSummerCountdown қорытынды рейтингінде үшінші орын иеленді.

Биылғы қорытынды тізімге 20 композиция енген. Дауыс беру 3 қыркүйекте аяқталып, нәтижелері 5 қыркүйекте жарияланды.

Тыңдармандардың таңдауы бойынша "AQERKE" жаз маусымындағы ең танымал әндердің үштігіне кірді.

Channel R Radio – заманауи танымал музыка мен жаңа релиздерге бағытталған тәулік бойы жұмыс істейтін халықаралық онлайн-радиостанция.

Радио әлем тыңдармандарына мобильді қосымша және iHeartRadio, Audacy, TuneIn, Apple Music секілді платформалар арқылы қолжетімді.