Димаштың әні америкалық чарттарда жоғары көтеріліп жатыр

Димаш Құдайбергеннің "Smoke" әні Американың Amazon және iTunes чарттарына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ dimashnews сайтына сілтеме жасап.

30 қаңтарда трек iTunes Top 100 рейтингінде ортада болып, 32-ші орынға жетті. Amazon-да "Best Sellers in Songs" санатында бұл ән үздік ондыққа кірді. Ал "Best Sellers in Pop" категориясында ән рейтингте бірінші орын алды.

"Smoke" әні 2024 жылдың 26 ​​сәуірінде шыққан. Шығарманың композиторы – Димаштың өзі, мәтіннің авторлары – Кэндис Келли мен Дмитро Гордон.

Сондай-ақ Димаш "Love’s not over yet" әнінің премьерасы 7 наурызда болатынын хабарлады. Оны композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық авторлар ұжымы дайындаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: dimashnews.com
Өзгелердің жаңалығы