Димаштың әндері Disney радиосынан беріледі
Димаш Құдайбергеннің "Love’s Not Over Yet" әні алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радио брендтердің бірі – Radio Disney-дің барлық мексикалық станцияларының ротациясына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Димаш Құдайбергеннің "Love’s Not Over Yet" әні алғаш рет әлемдегі ең ірі музыкалық радио брендтердің бірі – Radio Disney-дің барлық мексикалық станцияларының ротациясына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шараның бастамашысы – Димаштың 2023 жылы Будапешттегі болған концертінен шабыттанған жанкүйері. Ол сол тұста әртістің дауысын Disney радиосынан естуді армандаған екен, - деп жазды dimashnews.com.
Көп ұзамай әншінің әндері 30-дан астам елдегі Dears фан-қоғамдастығы қолдаған халықаралық науқанға айналды.
Әлеуметтік медиа, атап айтқанда X платформасы (бұрынғы Twitter) арқылы жанкүйерлер #DimashRadioDisney хэштегін 2024 жылдың қыркүйек айының соңында трендке айналдырған еді.
Бұл Мексикадағы радиостанцияның жүргізушілері мен продюсерлерінің назарын аударды. Пачукадағы Дисней радиосының жүргізушісі Бриссия мен продюсер Эдуардо бұл идеяны қолдап, Димаштың әндерін бағдарламалау бөліміндегі радиостанцияның әндер тізіміне енгізу туралы ұсыныс жасады.
Олардың қатысуы мен жанкүйерлердің белсенділігінің арқасында "Love’s Not Over Yet" әні қазір бүкіл Мексиканың Radio Disney эфирінде ойналады.
- ЕО-ның бес елі мигранттарды Руандаға депортациялауға келісті 05:43
- Биткоин 60 мың долларға дейін құлдырауы мүмкін: криптонарықта алаңдаушылық күшейді 02:50
- Астанада мас күйінде электромопед жүргізген жігіт 20 тәулікке қамалды 01:45
- Елімізде техногендік қалдықтарды игеру құқығы аукционға шығарылады 00:25
- Қойма мен жүк көліктері өртенді 16.11.2026
- Қазақстанда фермерлік кәсіпорындар саны 21 мыңға жетті 16.11.2026
- Қазақстанда биыл көліктерден 595 заңсыз жанармай багы алынды 16.11.2026