Димаштың әлемдік турне аясындағы келесі концерті Мажарстанда өтеді

Димаштың бүкіләлемдік STRANGER турнесі аясындағы келесі концерті Мажарстанда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Венгрия астанасы қонақтарды сәулет ескерткіштерімен, термалды суымен және әдемі көпірлерімен қарсы алады.

Концерт қаланың ең үлкен жабық алаңдарының бірі — Ласло Паппа атындағы спорт алаңында өтеді.

#STRANGERTourHU шоуында Димаш және оның командасы дәстүрлі және заманауи стильдегі ең қызықты композицияларды ұсынады, әртүрлі тілде ән шырқап, қазақтың ұлттық дыбыстық және ультра заманауи әуен техникасын бір туындыда қалай үйлестіруге болатынын көрсетеді.

Билет сатылымы мына сілтемеде 5 желтоқсанда басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы