Димаштың "We are one" бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайбергеннің бүкіләлемдік коронавирусқа қарсы күреске арналған "We are one" ("Біз біргеміз!") бейнебаянының қазақстандық нұсқасы жарияланды. 

"Хабар" агенттігі әншінің әлемдік бейнебаянының қазақстандық нұсқасын әзірлеуге қатысты.

Бейнебаянда індет орын алған елдердің кадрлары, қатерлі вирусқа қарсы майданда күнделікті арпалысып жүрген дәрігерлердің еңбегі көрсетілген.
Қазір күллі әлем коронавирусқа қарсы жаһандық күресте күш біріктірді. Бірақ індеттің пәрмені қатты. Ешбір елді аяп жатқан жоқ. Індетпен күресте алдыңғы шепте медицина мамандары жанкешті еңбек етуде. Осынау қысылтаяң кезде оларға қолдау көрсету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Біз құдіретті музыка арқылы дәрігерлер мен полиция қызметкерлерінің, әскерилер мен еріктілердің ерік-жігеріне, қажыр-қайратына құрмет таныта аламыз, - делінген хабарламада.
Туынды авторлары – қытайлық шығармашылық топ. Жаңа ән Димаштың төрткүл дүниедегі тыңдармандарына тамаша тарту болғаны сөзсіз.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы