14 Ақпан 2024 2024, 04:40 Фото: жеке мұрағатынан

Димаш Түркияда жеке концертін өткізетінін хабарлады

Әнші Димаш Құдайберген жанкүйер жандарына жағымды жаңалығын жеткізді. Ол мамыр айында Ыстамбұлда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әнші Димаш Құдайберген жанкүйер жандарына жағымды жаңалығын жеткізді. Ол мамыр айында Ыстамбұлда жеке концертін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрметті достар! Биыл 24 мамырда «Stranger» сапарының аясында Түркияның Ыстанбұл қаласында менің жеке концертім өтеді. Мен шығармашылықты жаны сүйетін, мейрімді жандармен бірге ән саламыз деген ойдамын, - деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.