Димаш сөйлеп жатқанда медиа форумның тікелей эфирі үзілді

Елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиа форумында әнші Димаш Құдайберген сөйлеп жатқанда медиа форумның тікелей эфирі үзілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Танымал әнші Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымы резолюциясы бекіткен 21 қыркүйектегі «Халықаралық бейбітшілік күнінің» бейбітшілік идеясы бойынша арнайы сессия өткізіп, сөз сөйлеген болатын.

Әрбір адам адамсүйгіш болуы керек. Махаббат болуы керек. Өкінішке қарай, кейбір ұлт өкілдері оғаш қылық жасаса, түбегейлі бүкіл ұлтты жамандаудың.қажеті жоқ. Саясаттағы қитұрқы әрекеттердің арбауына түсіп қалмайық. Осы сәтті пайдаланып, ХХІ ғасыр адамзаттың тарихы қағаз бетіне түсіп бастаса да, адамзат арасында әлі күнге түсініспеушілік көп, - деді Димаш Құдайберген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы