Димаш Си Цзиньпинге: Шығармашылығыма әрдайым ықылас білдіргеніне алғыс айтамын

Танымал әнші Димаш Құдайберген ҚХР басшысы Си Цзиньпинге алғыс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында Қазақстан мен Қытай басшыларының алдында шағын концерт қойғанын жазды.

Кеше мен көршілес елдер – Қазақстан мен Қытай басшыларының алдында өнер көрсеттім. Аспан асты елінің әрбір тұрғыны үшін маңызды саналатын "Жасмин гүлі" әнін қытай тілінде орындадым. Си Цзиньпин мырзаға менің шығармашылығыма әрдайым ықылас білдіріп, құрметпен қарайтыны үшін алғыс айтамын, - деді әнші.

Еске сала кетейік, 3 шілде күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Ақордада келіссөздер жүргізіп, нәтижесі бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Өзгелердің жаңалығы