Димаш Ресейде концерттік тур өткізетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жаңа жылдан бастап Ресейде концерттік тур өткізуді жоспарлауда. Бұл туралы ол  Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Қымбатты достарым! 2020 жылдың ақпан айында Ресейдiң үлкен қалаларында менiң жеке турым өтедi, соның iшiнде 16 ақпан Краснодар қаласында, 20 ақпан Қазан қаласында және 23 ақпан Екатеринбург қаласында концерттерiм өтедi. Мен және менiң командам сiздердi көруге әрқашан қуаныштымыз, билеттер @icetickets сайтында сатылуда тұрғанын хабарлаймыз. Сiздердi асыға күтемiн!", - деп жазды ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы