Димаш Құдайберген Вьетнамдағы музыкалық фестивальде ән шырқайды
2025 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Вьетнамдағы 8WONDER Winter 2025: Symphony of Stars мәдени фестивалінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ханой халықаралық көрме орталығында сахнаға шыққан әлемдік және вьетнамдық жұлдыздар музыка арқылы түрлі мәдениеттерді бір арнаға тоғыстырады.
Олардың қатарында: 17 "Грэмми" иегері Алиша Киз, Вьетнамның сүйікті баллада орындаушысы Ван Май Хыонг, ғаламат дауысымен әлемге танылған Димаш Құдайберген, "Rich Man" мини-альбомымен ерекшеленген K-pop тобы Aespa, миллиондаған қаралым жинаған рэп орындаушысы HIEUTHUHAI және "Phép Màu" хиты арқылы әйгілі болған жаңа инди-ұжым MAYDAYS бар.
Ал билеттерді 24 қазаннан бастап, VinWonders.com, Ticketbox, Klook.com және Trip.com сайттарынан сатып алуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті лауазымына өз канидатурасын ұсынды
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы