9 Желтоқсан 2024 2024, 14:24
Фото: - архив
Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды
Танымал әнші Димаш Құдайберген халықтың сүйіктісі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Танымал әнші Димаш Құдайберген халықтың сүйіктісі атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
"Халықтың сүйіктісі-2024" 14-ші ұлттық премиясының қорытындысы шығарылды. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді.
Халық әртісі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың Мәдениет қайраткері болып танылды, - делінген dimash.news жазбасында.
Лауреаттарды марапаттау рәсімі дәстүрлі түрде 2025 жылдың 16 қаңтарында өтеді.