Димаш Құдайберген Қытайда жаңа музыкалық жобаны бастамақ

Алматыда Димаш Құдайберген жанкүйерлерімен кездесіп, жағымды жаңалықтармен бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әнші алдағы уақытта Қытайдың Honan TV арнасында өтетін әншілер байқауында продюсерлік қызметін бастайтынын мәлімдеді.

– Кезінде өзім қатысқан “I Am a Singer” жобасы көрсетілген Қытайдағы Honan TV арнасында жаңа жобаны қолға алмақпыз. Бұл жоба халықаралық деңгейде өтетін әншілер байқауы болмақ. Сол жобаның продюсері ретінде жұмыс істейтін боламын. Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшесі ретінде де қатысамын. Қазақта “арық айтып, семіз шық” дейді ғой, сол себепті әзірге тек осындай ғана ақпаратпен шектелейін, – деді Димаш Құдайберген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы