Димаш Құдайберген профессор атағын алды
Димаш Құдайберген университеттің құрметті профессоры атағына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазақ ұлттық медициналық университетінде Димаш студенттер мен оқытушылармен кездесті. Іс-шара барысында университет ректоры өнерпазға мәдениетті дамытуға, жастарды рухани тәрбиелеуге және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін ҚазҰМУ Құрметті профессоры атағын табыстады. Бұл туралы университеттің ресми Instagram парақшасында хабарланды.
Бүгін студенттер, оқытушылар және университет қызметкерлері өнерпазбен тікелей қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастарды рухани тәрбиелеуге және Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін ҚазҰМУ Құрметті профессоры атағын табыстады, - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының ізгілік елшісі болып тағайындалған еді.