Димаш Құдайберген Мексикада екінші шоуын өткізеді

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген 8 және 10 қазанда Мехикода жеке шоу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мексикадағы алғашқы жеке концерттің билеттері өте тез сатылып кетуіне байланысты жанкүйерлердің өтініштері бойынша «ДимашАли» шығармашылық орталығы Мехикодағы екінші «Stranger» шоуын жариялайды.  Концерт 10 қазанда Palacio de los Deportes сарайында өтеді, — деп мәлімдеді әнші.

Әншінің жазуынша, билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз сағат 11:00-де Banamex-те ашылады.  

Шетелдік жанкүйерлер бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қарсы алды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Өзгелердің жаңалығы