Димаш Құдайберген көпшілік назарына жаңа әнін ұсынды

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген «Weekend» деп аталатын жаңа әнін көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа туындысының тұсаукесері туралы өнер иесі әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Құрметті достар, @burakyeter екеуміз «Weekend» атты жаңа әнімізді шығарғанымызды қуана хабарлаймыз. Сіздердің қолдауларыңызға шын жүректен үміттенеміз. Ән барлық музыкалық стриминг платформаларда қолжетімді, - деп жазды Димаш.

Жаңа композицияны әнші музыкалық продюсер әрі диджей Бурак Йетермен бірігіп шығарған. Туынды ағылшын тілінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Өзгелердің жаңалығы