Димаш Құдайберген: Халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мұратымыз

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Белгілі әнші Димаш Құдайберген ел халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Құрметті отандастар! Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіз ел болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. 
Рухы биік, намысы берік ұлтымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау,  халқымыздың татулығын сақтау - біздің басты мұратымыз.  Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні баршаңызға игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс, несібе тілеймін. Еліміздің  дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Ұлттық, мемлекеттік рухымыз асқақ болғай! -деді Димаш Құдайберген әлеуметтік желісінде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы