Димаш Құдайберген «Халық сүйіктісі» сыйлығының лауреаты атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Халық сүйіктісі - Народный любимец года» ұлттық сыйлығының 10-мерейтойлық маусымының лауреаттары анықтылды. 

Айта кетейік, lubimec.kz ұлттық сыйлықтың ресми сайтында дауыс берудің соңғы кезеңі өтті.

«Жыл мұғалімі» және «Блогосфера көшбасшысы» атты екі номинацияда дауыс беру көшбасшылары арасындағы ең аз алшақтықты ескере отырып, екі үміткерді лауреат деп жариялау туралы шешім қабылданды.

«Жылдың үздік мұғалімі» номинациясын Нұр-Сұлтан қаласының №17 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Төлеген Әбдірайысов пен флейта класы бойынша оқытушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті Нина Григорьева жеңіп алды.

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі Болат Асанбаев жылдың «Үздік дәрігері» атанды.

«Жылдың үздік спортшысы» номинациясы бойынша UFC-дегі қазақстандық файтер Шафкат Рахмонов лауреат атанды.


«Жылдың үздік қоғам қайраткері» Добряков клубының негізін қалаушы Гүлмира Әбдірашева болды.


Жылдың үздік тележүргізушісі «Хабар» телеарнасының тележүргізушісі Дмитрий Олейников.


«Жылдың Мәдениет қайраткері» номинациясында Қазақстанның өнер қайраткері, көрнекті әнші, бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамның сүйіктісі және кумирі Димаш Құдайберген үздік деп танылды.


Жылдың үздік парламентарийі ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин болды.


Жылдың үздік публицисі-журналист, публицист Михаил Козачков.


«Жыл блогосферасының көшбасшысы» номинациясында Насима Қорғанбекова, Қазбек Майгелдинов үздік деп танылды.


Сонымен қатар, коронавирустық пандемия кезінде медицина қызметкерлері мен еріктілердің үлкен рөлін ескере отырып, сыйлықтың ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы Денсаулық сақтау жүйесі өкілдерінің келісімі бойынша «Жылдың үздік медбикесі» сыйлығының құрметті номинацияларымен Маңғыстау облыстық ауруханасының аға медбикесі Айнұр Батырбекованы марапаттау туралы шешім қабылдады.

«Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің үздік қызметкері» - Ақмола облысы Бурабай аудандық басқармасы департаментінің басшысы Сералы Жолдаспаев.

«Үздік медициналық стационар» - Профессор Х.Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана, Қарағанды облысы.


«Үздік волонтер» - волонтер, «Қоғамдық бақылау» жобасының үйлестірушісі Саида Таукелова.

Сонымен қатар дәстүрлі құрметті номинациялар бойынша марапатталды:

«Жылдың бизнесі» - «ORKIN» ЖШС, санитарлық қызметтер, дезинфекция, директор Талғат Дүйсеков, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Жыл меценаты» - кәсіпкер, «Жан-Арай» ЖШС директоры, Бахдаулет Махашов, Қызылорда облысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы