Димаш Құдайберген «Baqytty Bala – 2021» конкурсын тамашалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Baqytty Bala – 2021» байқауының шешуші ІІІ кезеңі мәреге жетті. Байқауға Димаш Құдайбергеннің өзі келіп, қатысушылардың өнерін тамашалап, әсерімен бөлісті, деп жазды dimashnews.com.
«Baqytty Bala – 2021» байқауының екінші кезеңі 10 тамыз күні ерекше энергетикамен өтті.
Ақтөбе қаласының «Өнер орталығы» концерт залының акустикасы қатысушыларға вокалдық шеберліктерін көрсетуде мүмкіндік берді.
Байқаудың режиссері Анна Обоянская. Оның кәсіби сценографиясының арқасында байқауға қатысушылардың әр номері толыққанды қойылыммен көркемделді.
11 тамыз, сағат 17:00-де өтетін Гала-шоуда қазылар алқасы III маусым жеңімпаздарының тізімін жариялайды.
Гала концертке арнайы шақырылған қонақтар: Рухия Байдукенова, Ержан Максим, Қарақат Башанова, Әйгерім Тілеубек және Наргиз Жанұзақова көрермендерге өз өнерін көрсетеді.
Димаш байқаудың екі күні туралы өз әсерімен бөлісті.
Өскелең ұрпақ ішінен талантты балалардың өсіп келе жатырғаны қуантады. Менімен бірге ұшып келген достарымызбен әзілдесіп жатырмын: «Бұл балалар 5-6 жылдың ішінде мені де, басқа әншілерді де зейнетке шығарады ғой» деп. Лайым солай болғай. Ең алдымен балаларымыз аман болып, еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азамат-азаматшасы болсын. Мемлекетіміздің тұғырын бүкіл әлемдік аренада әлемге танытып, биік тұғырдан көрсетіп өсе берсін дегім келеді. Балапандарымыз аман болсын, өте талантты, керемет, шыны керек. Бірі мықты, бірі нашарлау болды деп айту қиын, өте тамаша, – деген жүрекжарды лебізін жеткізді әнші Димаш Құдайберген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы