Димаш Джеки Чанға отандық костюмді тарту етті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа альбомының тұсаукесерінде қонақта болып, актерге отандық костюм сыйлады. Бұл туралы ол өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

Джеки Чанның жаңа альбомының тұсау кесерінде қонақтамын. Біздің әр кездесуіміз, сыйлықтар алмасумен аяқталады. Алайда ол кісі мені отбасымның әр мүшесіне арнап үлкен чемодан толы сыйлықтар беріп жіберу арқылы жеңіп кетті. Таңғажайып адам. Ол кісімен сұхбаттасқанда керемет әсер аламын. Ол кісі басқа әртістерден тым бөлек, дара тұлға. Рухани тұрғыда бай адам. Біз бір-бірімізбен қолтаңбалар алмастық, - деп жазды Димаш.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы