Димаш америкалық компаниямен келісімшартқа отырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген IPZ америкалық компаниясымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы әнші Іnstagram-дағы парақшасында жазды.
Нью-Джерси Уоррен, 2020 жылғы 1 маусым. 26 жасар қазақ әншісі, композитор және мультипалист Димаш Құдайберген IPZ-мен келісімшартқа қол қойды. Димаш - Америка құрама штаттарында енді танылып келе жатқан талантты орындаушы. Оның табысты мансабын кеңейтудің үлкен мүмкіндіктері бар және ол ізбасарларымен байланыс орнатуға ұмтылатын әлемдік брендтер үшін актив бола алады, - дейді IPZ басқарушы серіктесі Роберт Зито.Айта кетейік, IPZ "International Player" және "Zito Partners" дегенді білдіреді. Ол АҚШ-та орналасқан. Компания 18 маусымнан бастап әнші Димаш Құдайбергенмен келісімге отырғанын жариялады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл ШҚО Катонқарағай ауданында 14 тұрғын үй салынады
Өзгелердің жаңалығы