Димаш Құдайберген Ақтөбеде ашық аспан сахнасында ән айтады
Астана, BAQ.KZ. Қала әкімі Ілияс Испанов «Бақытты бала» сайысы тамыздың аяғы немесе қыркүйектің басында өтеді. Бұл туралы aktobenews.kz сайты хабарлайды.
«Былтыр Димашпен бірге «Бақытты бала» атты халықаралық байқау ұйымдастырдық. Ол жыл сайын болады деп бекітілді. Биыл қаладағы іс-шараларға байланысты сайыс тамыздың аяғы немесе қыркүйектің басында болуы тиіс. Содан кейін ашық аспан сахнасында Димаш гала-концерт өткізбек», - деді қала әкімі Ілияс Испанов.
Былтыр «Бақытты бала» сайысына қатысуға 400-ден астам бала тілек білдірген. Байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлдені ақтөбелік Нарғыз Жанұзақова мен Ержан Максим алды. Әр өнерпазға 1 миллион теңгенің сертификаты табыс етілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанның ғарыш саласын дамытуға 7,2 млрд теңге бөлінеді
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы