Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның мерейтойлық концертіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның құрметіне арналған Мәскеудегі шығармашылық кешке қатысады. Бұл туралы Tengrinews.kz. сайты жазды.
«Алла Борисовнаның шығармашылық кешінде кездескенше!», - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы жеке парақшасына.
Алла Пугачеваның мерейтойына арналған «Подарок для Аллы» концерт-съемкасы 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Ситиде өтеді.
Сонымен қатар, концертте Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Лобода и Валерий Леонтьев және т.б. өнер көрсетеді. Концертті Алла Пугачеваның жұбайы Максим Галкин жүргізеді.
Концерт 15 сәуірде туылған Алла Борисовнаның 70-ке толуына арналған. Оның репертуарында 500-ге жуық әндер бар.
Еске сала кетейік, Димаш тың Кремлдегі концерті аншлагпен өтті. Әртүрлі БАҚ мәліметтері бойынша, Димаштың концертіне Мәскеуге әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлері келген. Көрермендердің арасында Ресей премьер-министрінің жұбайы Светлана Медведева, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары болған.