Димаш Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігіне барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Димаш Құдайберген бүгін Қазақстанның Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келіп, қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездесті. Бұл туралы Нью-Йорктегі Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Ануар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қазақстандағы үйіме келгендей болдым ғой" деп күліп айтты Димаш Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігіне келгенде", - деп жазды ол.





 

Димаш Құдайберген бүгін Нью-Йорктегі қазақстандық дипломаттармен және олардың отбасыларымен кездесті.


Танымал қазақстандық әнші БҰҰ штаб-пәтерінде де болып, алған әсерлерімен БҰҰ Жаңалықтар қызметімен сұхбатында бөлісті.

  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы