Ділбәр Өмірәлиева: Қарсыласыңды иппонға түсіргенде арқаңнан бір жүк түскендей болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дзюдо күресінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Еуропа кубогінің жүлдегері, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы Ділбәр Өмірәлиева BAQ.KZ студиясында қонақта болды.

Иә, ол сезім деген ерекше. Иығыңнан бір жүк түскендей боласың. Ол бірінші немесе екінші, тіпті үшінші белдесу болуы мүмкін. Қарсыласыңды иппонға түсіруді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бірақ ол кездесуді ұмытып, келесі белдесуге дайындалуға тура келеді, - дейді Ділбәр Өмірәлиева.

Ділбәр деген есімді кім қойды, спорттық карьерасы қалай басталды? Ата-анасы қызының спортпен айналысуына қалай қарады? Күресті қай жастан бастаған дұрыс? Елдегі бапкерлерге жаттығу методикасын өзгерту керек пе? Қазақтың дзюдошы қыздарына әлемде топ жаруға не жетіспейді? Салмақ қуу қаншалықты қиындық тудырды? Отгонцэцег Галбадрах туралы не ойлайды? Қазақстан мен Моңғолиядағы жаттығу процестерінің айырмашылығы? Спортшылар шетелге жарысқа барғанда қыдыруға үлгере ме? Қай мемлекетте болуды армандайды? Осы және өзге де сұрақтарға Ділбәр Өмірәлиева жауап береді. Сонымен қатар ол Қазақстанның және әлемнің үш үздік балуанының есімін атады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы