"Дикий Арманның" өзіне қол жұмсағаны рас па?
Желіде "Дикий Арман" лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев "түрмедегі душта тамырын кеспек болғаны" туралы ақпарат пайда болды.
Комитет өкілдері Жұмагелдиев өзіне жеңіл жарақаттар салғанын растады.
Бұл сотталушы өзіне жеңіл дене жарақатын келтірді. Дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Сотталған адаммен мекеменің психологтары профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды, - деп жауап берді портал cауалына ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда құрылыс алаңында өрт шықты
Келесі жаңалық
Филадельфиядағы ұшақ апатынан жеті адам қаза тапты
Өзгелердің жаңалығы