Дикий Арманның ісі неге сағызша созылып жатыр? – Жоғарғы сот жауабы

Дикий Арманның ісі неге ұзақ тергеліп жатыр? Мәжіліс кулуарында Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысынан соң БАҚ өкілдері Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллинаға атышулы Дикий Арманның ісіне қатысты сұрақтар қойды.

Мен қылмыстық істермен танысқан жоқпын, онымен қарауға құзыретім жоқ. Істі басқа инстанцияның өндірісінде жатыр. Негізі бүкілі іске байланысты. Онда қанша қатысушы, куәгер, сарапшы, айыпталушы, аудио, бейне жазбалар, жасырын тергеу әрекеті, жедел іздестіру іс-шарасы бар. Мұның бәрін ескеріп, зерделеу керек. Бұған жауап алу, адвокаттардың, прокурордың сөз сөйлеуі мен өтініштерін қосыңыз. Сондықтан сот мұның бәрін қарауға міндетті. Біз бұған шектеу қоя алмаймыз. Барлығын сот шешеді. Әрбір инстанция жағдайға байланысты мәселені қарастырып, жеке шешім қабылдайды, - деді Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы