Дихандар жаңа техникамен қамтамасыз етіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың егін орағы да аяқталып келеді. Оның ойдағыдай өтуіне көптеген ұйымдар елеулі үлес қосты. Олардың қатарында «ҚазАгроҚаржы» АҚ да бар.

«Айқын» газетінің жазуынша, аталған қоғам негізінен дихандарды ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етуде айтарлықтай жұмыстар атқаруда. Мысалы, 2020 жылдың 23 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы 82,9 миллиард теңге сомасына (4662 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы) қаржы лизингі шартын жасасқан. Жалпы, биылғы жылы 432 комбайн, 4230 басқа да техника сатып алуды қаржыландырыпты.

Ал өткен жылы аталған қоғам 98,5 миллиард теңгеге 5,9 мың ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырды. Бұл ретте, қоғамға ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден жаңа техника сатып алуға әлі де болса өтінімдер түсуде.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы