Диетолог жеміс шырындары арасындағы ең зиянын атады
Дәрігер диетолог Татьяна Залетова жеміс шырынын тұтыну семіздікке әкеп соғатынын ескертті. Сондай-ақ ол зиян шырын түрлерін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Sputnik радиосы хабарлады.
Оның өзінше, дұрыс тамақтану принципін ұстанған адамдар өз рационына шырынды емес жемістерді қосқан дұрыс деп есептейді.
Шырын мен жеміс арасында біреуін таңдау керек болса, жемісті таңдаған дұрыс. Біз олардан шырын жасаған кезде, көп клетчатканы жоғалтамыз, сондай-ақ тағамдағы қант пен фруктоза мөлшерін көбейтеміз. Қант диабетіне, көмірқышқыл алмасымы бұзылған, сонымен қатар гастроэнтерологиялық аурулары бар адамдарға су қосылмаған таза шырынды ішуге болмайды, - деп түіндірді маман.
Диетолог зауыттан шығатын шырындар өте зиян екенін айтты. Себебі олардың құрамына қант қосылады. Бұл ретте гликемиялық индексі жоғары жемістерден жасалатын шырындар анағұрлым зиян екен. Өйткені оларды тұтыну семіру қаупін жоғарылатады.
Ең зиян шырын - ол гликемиялық индексі жоғары жемістерден жасалғаны. Яғни, ананас, шабдалы, тропикалық жемістерден жасалған шырындар, - деді Залетова.