Диетолог жаттығу тиімділігін арттыратын өнімді атады

Диетолог Эбигейл Робертстің сөзінше, әр ас үйден табылатын қарапайым ас содасы жаттығулардың тиімділігін арттырады, деп жазады BAQ.KZ.

Эбигейл Робертс көптеген адам спортзалға бармас бұрын креатин деп аталатын биологиялық қоспаны қабылдайтынын айтады. Ол бұл қоспаны ас содасымен алмастыруға болатынын атап өтті. 

Егер қарқынды жаттығуларға дейін үш сағат бұрын ас содасын қабылдаса, шаршап-шалдығу сезімі азайып, қалпына келу уақыты азаяды екен.

The Sun басылымының хабарлауынша, Робертс спортшыларға жаттығу залына бармас бұрын тамақ рационына соданы қосуға кеңес берді.

Бұған дейін диетолог Артем Леонов соданың қасиеттеріне тоқталған болатын. Айтуынша, ол өкпедегі қақырықты жібітуге, тамақтағы ауырсынуды басуға көмектеседі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы