Диетолог ыстықта қандай сусын ішу керегін айтты

Ыстықта ең пайдалы сусындар аталды Ресейлік диетолог Алексей Кабанов ыстықта квас пен шырындардың орнына су мен өсімдік сүтін ішуге кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

Маман күннің ыстығында ағзадағы су-тұз және минералды тапшылықты бақылауды ұсынды. Ол ең пайдалы сусындарды атады. Ол квас пен шырындардың орнына бөлме температурасында газдалмаған немесе минералды су мен өсімдік сүтін ішуге кеңес берді.

Ыстықта тағы бір пайдалы сусын - өсімдік негізіндегі сүт. Оның құрамында су мөлшері жеткілікті, ал майдың аздығы, қанттың болмауы немесе аз болуы, витаминді және минералданған құрамы бұл сулардың артықшылығының бірі, - деді диетолог.

Диетолог квастың құрамында қант көп болғандықтан, қауіпті екенін айтты.

Қант тек шөлді күшейтеді, сонымен қатар минералды заттарды ағзадан шығарады, — деп түсіндірді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы