Диетолог тәулігіне төрт-бес мандариннен артық жемеуге кеңес береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік диетолог және нутрициолог Надежда Цапкина тәулік ішінде 40 грамнан көп мандарин жеуге болмайтынын айтады.
Егер бұл жемісті жиі тұтынатын болсаңыз бауырыңызға теріс әсер етіп, зиянын тигізуі мүмкін.
Сонымен қатар цитрустарға аллергиясы бар адамдар аллергиялық реакция туралы ұмытпау керек. Гастритпен ауыратындар да сақ болғаны жөн, өйткені мандариндер ішек пен асқазанның шырышты қабығын тітіркендіреді, - дейді Надежда Цапкина.
Сонымен бірге, Цапкина мандариннің құрамында кальций, магний, калий, D, K және B дәрумендері бар екенін атап өтті.
Оның айтуынша, мандариндердегі талшық асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі, ал С витамині иммундық жүйені нығайтады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы