Диетолог өмір сүру ұзақтығын азайтатын азық-түліктердің тізімін ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Адамның күнделікті рационына кіретін кейбір өнім өмір сүру ұзақтығын қысқартуы мүмкін.
Бұл туралы америкалық клиника диетологы Майо Кэтрин Зерацкиге сілтеме жасай отырып, Eat This, Not That сайты хабарлады.
Оның сөзінше, қант, ет, қуырылған тағам және жартылай фабрикаттар адамның өмір сүру ұзақтығына мен өмір сүру сапасына әсер етуі ықтимал. Сонымен қатар спирттік ішімдіктерді шектен тыс тұтыну да өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Зерацки аталған өнімдерді тамақ рационынан алып тастауға кеңес берді.
Диетолог ет өнімдері обыр мен жүрек-қантамыр аурулары қаупін арттырады. Қауіпті өнімдер арасында консервіленген өнімдер, бекон және шұжық өнімдері бар.
Жартылай фабрикаттар мен нанның құрамында көп қант пен қаныққан майлар бар. Бұл тағамдар өте калориялы, алайда құрамында нәрлі заттары аз.
Зерацкидің айтуынша, термиялық өңдеуден минималды өткен азық-түліктерді тұтыну қажет. Себебі оларда пайдалы заттар сақталып қалады.