Диетолог иммунитетті нығайтатын жеті түрлі көкөністі атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Егер күзде қол-аяғыңыз мұздап, жиі тұмаурататын болсаңыз, тамақ рационыңыздағы көкөністер жиынтығын өзгерту қажет. Диетолог-дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Наталья Денисова суық күндерге қалай дайындалу керек екенін және иммунитетті қалай нығайтуға болатынын айтып берді.

Бұл туралы aif.ru жазды.

Мәселен асқабақ - суперөнім. Ол бета-каротинге бай. Ол өз кезегінде иммунитетті ынталандырады. Көздің көру қабілетіне, шырышты қабаттардың жағдайына жауап береді. Сонымен қатар көңіл-күйді көтеріп, депрессияға жол бермейді. Сәбіз де дәл осы қасиеттерге ие.

Фитонцидтер - табиғи антибиотиктер. Көбінесе сарымсақ пен пияздың құрамында болады. Олар вирус, бактерияларды жояды. Эфир майларының антимикробтық қасиеті тағы бар.

Ал шалқан дәруменге, каротиноидтарға, қалийге, кальцийге және марганецке бай. Бұл заттектер нерв жүйесі мен зат алмасу процестерінің қалыпты жұмысы үшін қажет. Оның сөлін балмен араластырса, қақырықтың шығуын тездетеді.

Ішек және иммундық жүйе жұмысын жақсартатын бетаин қызылшаның құрамында көптеп кездеседі. Оның арқасында иммунитет тұмауға қарсы тұратын қасиетке ие болады.

Сондай-ақ орамжапырақ та пайдалы көкөніс саналады. Оның ашытылған түрі де, балғын түрі де пайдалы. Орамжапырақтың ісікке қарсы, қабынуға қарсы әсері бар. Бұдан бөлек С дәруменіне бай. Оны көп тұтынудың арқасында нерв жүйесінің жұмысы жақсарады, стреске төзімділік пайда болады.

Ботташықта (Пастернак) B және PP, А тобының дәрумендері көп. Ол майда қантамырлардағы қан айналымын жақсартады. Қол-аяғы тоңа беретін адамдарға осы көкөністі тұтынуға кеңес беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы