Диетолог ұйқысыздыққа әсер ететін азық-түлік түрлерін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Неміс диетологі Хайдрун Шуберт түнгі ұйқының тыныш болуы үшін тамақтану рационынан бірнеше азық-түлік түрін алып тастауға кеңес берді.

Бавариялық тұтынушылар орталығының диетологі Хайдрун Шуберт ұйқысыздыққа бірқатар азық-түрлері әсер ететінін айтты. Ол соның ішінде маңыздыларына тоқталды. Бұл туралы Focus Online жазды.

Оның айтуынша, ұйқының бұзылуына қызылмия (солодка) әсер етуі мүмкін. Себебі, оның құрамында су-тұз балансына әсер етіп, қан қысымын жоғарылатып жіберетін глицирризин бар. Бұл өз кезегінде мазасыздықты туындатып, адамның ұзақ уақыт бойы ұйқының қашуына себептеседі.

Бұдан бөлек, ұйықтар алдында шикі көкөніспен тамақтанбаған дұрыс. Өйткені көкөністі қорыту үшін асқорыту жолы тынымсыз жұмыс істеуі тиіс. Салдарынан адам организмі терең ұйқыға кете алмай, ұйықтау процесі тежеліп қалады.

Чили бұрышы мен зімбірді тұтынған адамның да ұйқысы бұзылады. Себебі, олар зат алмасу процесін тездетіп, дене қызуын жоғарылатып, организмді қзақ уақыт бойы сергек күйде болуына себепкер болады. 

Сондай-ақ, ұйықтар алдында шоколад жеп, кофе, шай ішсеңіз, ми демалмайды, керісінше күндізгі уақыттағыдай белсенді жұмыс істеп тұрады.

Диетологтің сөзінше, ұйқысы жиі бұзылатын адамдар сағат 18.00 немесе 20.00-ден кейін тамақтанбағаны дұрыс. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы