Диетаның қатерлі ісікке әсері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ зерттеушілері жеңілдетілген диета рак ісіктерінің дамуын ақырындатады деп есептейді. Бұл туралы Nature журналына сілтеме жасай отырып, Lenta.ru хабарлады.

Қатерлі ісік жасушалары глюкозаны көп тұтынатыны белгілі. Массачусет технологиялық институты мен Дана-Фарбер онкология институтының ғалымдары жеңілдетілген немесе кетогендік диета қолжетімді заттектің мөлшерін қысқарта отырып, ісіктің өсуіне әсер етуі мүмкін деп отыр. Алайда ұйқыбездің ісігіне шалдыққан тышқандарға жүргізілген бастапқы эксперименттер кетогенді диетаға қарағанда, жеңілдетілген диета ісіктің өршуіне үлкен әсер етеді деген тұжырымға келді. Бұл дегеніміз глюкозаның болу-болмауы ісіктің өсуін жеңілдетуге әсер етпейді деген сөз.

Зерттеушілер тышқандардағы ұйқыбез ісігінің өсуі мен қоректік элементтердің құрамына талдау жүргізді. Екі зерттеуде де тышқандарда қандағы глюкоза деңгейі төмендеген.

Ғалымдар онкологияға шалдыққан науқастарға жеңілдетілген диета қауіпті деп таныды. Оны сақтау қиын әрі қосымша ауыр әсері болуы әбден ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы