Диас Кенжебек Азия пара ойындарының рекордын жаңартып, чемпион атанды

Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия пара ойындарында Қазақстан қоржынына 7-алтын медаль түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық спортшы Диас Кенжебек жүзуден алтын медаль иегері атанды. Ол 100 м қашықтықты 1:05:42-де жүзіп өтіп, Азия және Азия пара ойындарының рекордын жаңартты.

Азиадада Қазақстан құрамасы дәстүрлі түрде осы спорт түрінен өте жақсы нәтиже көрсетіп келеді және бүгінгі жетістік-осының жарқын дәлелі. Команданың жаттықтырушылар штабына ерекше алғыс айтамын. Ел сіздің еңбегіңізді мақтан тұтады!- деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы