29 Тамыз 2022 2022, 12:36

Диана ханшайымның автокөлігі аукционда сатылды

Ханшайым Диана мінген Форд автомобилі аукционда 851 мың долларға сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ханшайым Диана мінген Форд автомобилі аукционда 851 мың долларға сатылды,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Марқұм оған 1985-1988 жылдар аралығында иелік еткен. Негізі Форд Эскорт моделі ақшыл түсте шығарылатын. Алайда ханшайымның сұрауы бойынша ол қара түске боялған. 

Бұл оның қауіпсіздігі үшін жасалған. Британдық ханзада Чарльздың әйелі - ханшайым Диана Парижде жол апатынан қайтыс болды. Биыл 31 тамызда оның көз жұмғанына 25 жыл болады.