20 Қыркүйек 2026, 18:23 Фото: olympic.kz

Диана Ержанова Азия ойындарында әйелдер арасындағы триатлоннан 17-орын алды

Қазақстандық спортшы жарысты 1 сағат 4 минут 13 секундта аяқтады.

Қазақстандық триатлет Диана Ержанова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әйелдер арасындағы жеке жарыста 17-орын иеленді.

Ержанова жарыс жолын 1 сағат 4 минут 13 секундта аяқтады. Қазақстандық спортшы жеңімпаздан 6 минут 36 секундқа қалып қойды.

Жарыста Қытай өкілі Линь Синью 57 минут 37 секунд нәтиже көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды. Оның отандасы Хуан Аньци 57 минут 58 секундпен екінші орынға ие болды. Қола жүлдені 58 минут 36 секунд нәтиже көрсеткен жапониялық Манами Хаяси еншіледі.