Diamond Princess лайнерінде коронавирус жұқтырғандар саны 500-ден асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус Ресей Федерациясының азаматынан анықталды. Бұл ресейліктер арасындағы вирус жұқтырған алғашқы адам болып отыр.
Жапонияның Йокогама қаласындағы портта карантинде тұрған Diamond Princess круиз кемесінде тағы 88 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы 18 ақпанда Жапония Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.Diamond Princess кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны 542 адамға жетті. Жаңадан жұқтырғандардың азаматтығы әлі жарияланбады.
Кеше ҚР Сыртқы істер министрлігі круизде Қазақстанның 4 азаматы барын хабарлаған болатын. Олардың екеуі – бала.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Месси 2019 жылдың үздік спортшысы атанды
Өзгелердің жаңалығы