10 Тамыз 2024 2024, 04:36
Фото: olympic.kz
Дейзи Джемпекей Париж Олимпиадасында 17-орын алды
Париж Олимпиадасында 10 000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Париж Олимпиадасында 10 000 метрге жүгіруден әйелдер арасындағы жарыс аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сүйенсек, бұл бәсекеде Қазақстан намысын Дейзи Джемпекей қорғаған болатын.
Қазақстандық атлет жарысты 17-орынмен аяқтады.
Осылайша, қазақстандық жеңіл атлеттер үшін Париж Олимпиадасы мәресіне жетті.