Қазақстан Дэвис кубогын жеңіспен бастады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Теннистен Қазақстан құрамасы Португалияға қарсы Дэвис Кубогының бірінші іріктеу кезеңін жеңіспен бастады.

Жекелей сында алғаш болып кортқа шыққан 22 жастағы қазақстандық Александр Бублик қарсыласы Жоао Соузаны 6:7, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. Ойын 2 сағат 22 минутқа созылды. 

Еске сала кетсек, Астанада «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан мен Португалия арасындағы Дэвис кубогының бірінші іріктеу кезеңінің матчы өтіп жатыр.

Жекелей сындағы екінші ойын Михаил Кукушкин мен Педро Соуза арасында өтеді. 

2 ақпан күні жұптық матчта Қазақстан атынан Александр Недовесов пен Тимур Хабибуллин португалиялық Жоау Соуза және Гаштау Элиаш жұбымен кездеседі. 

Үш матч бойы жеңімпаз команда анықталмаса, жекелей сында Михаил Кукушкин Жоау Соузамен, Александр Бублик Педро Соузамен кездеседі. 

Дэвис кубогының финалдық ойындары қараша айында Мадрид қаласында өтеді.

Назерке Абибулла

Фото: Нұржас Жақсыбай

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы