Дэвис кубогі: Ширек финалға шыққан командалар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен 2021 жылғы Дэвис кубогінің ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олардың қатарында Қазақстан командасы да бар деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасы B тобында бірінші орын алса, Сербия командасы F тобында екінші орын иеленді. 

Осылайша, Қазақстан мен Сербия арасындағы кездесу 1 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де өтеді. 

Сербия әлемдік рейтингте жетінші орында тұр. 2010 жылы аталған турнирде жеңіске жетсе, 2013 жылы финалда сынға түсті. 

Команданың ең үздік ойыншысы – «Үлкен дулыға» турнирлерінің 20 дүркін жеңімпазы Новак Джокович. 

Ширек финалдағы өзге де кездесулер:

29 қараша. Хорватия – Италия

30 қараша. Ұлыбритания – Германия

2 желтоқсан. Ресей – Швеция

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы