Десанттық-шабуылдау әскерлерінде командалық-штабтық оқу-жаттығу аяқталды

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты жауынгерлік іс-қимылдарды ұйымдастыру мен оны жүргізу кезінде бағынысты бөлімшелерді басқару бойынша командалық құрамның дайындық деңгейін бағалау, сондай-ақ әскери басқару органдарының үйлесімділігін жетілдіру болды.

Біз жаттығуды шынайы ұрыс жағдайына барынша жақын өткізуге тырыстық. Бұл барлық дәрежедегі командирлерді даярлаудың жоғары деңгейін, кез келген жағдайға бейімделуді және тез өзгеретін жағдайға жедел әрекет етуді талап етеді. Осы оқу-жаттығу үшін арнайы әзірленген идея қазіргі заманғы қарулы қақтығыстарды талдауға негізделген, – деді штаб бастығы - Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Алмас Исабеков.

Жаттығуға қатысқан Алматы және Қонаев гарнизондарының десанттық-шабуылдау бригадалары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында жеке құрамның жаттығулары, штаттық техника мен қару-жарақты тексеру жүргізіліп, барлау ақпаратын жинау жүзеге асырылды.

Командалық пунктердің құрамына кіретін офицерлер карталардағы ұрыс қимылдарын, оның ішінде әскерлерді ауыстыруды, әртүрлі қару түрлерін қолдануды және берілген бөлімшелермен өзара әрекеттесуді модельдеді.

Оқу-жаттығу барысында бәсекелестік элементі қатысқан тараптардың әрқайсысын алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп қана қоймай, міндеттерді сапалы орындауға қол жеткізуге итермеледі.

Айта кету керек, екі жақты командалық-штабтық жаттығулар Қарулы күштерді дайындауда маңызды рөл атқарады. Олар өзара әрекеттесуді, стратегиялық ойлауды жақсартуға және әскерлердің жалпы жауынгерлік қабілетін арттыруға ықпал етеді. Нақты сценарийлерді құру үшін әртүрлі модельдерді белсенді пайдалану нақты ұрыс жағдайларына жақсы дайындалуға мүмкіндік береді.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Қонаев гарнизонында орналасқан 35-ші десанттық-шабуылдау бригадасы ерекшеленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы