Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAq.KZ. Көктемде Алматы мен Түркістан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер ант қабылдады.
Әскерге шақырылғаннан кейін бір ай бойы сарбаздар жас жауынгер курсынан өтіп, онда саптық, дене, атыс даярлығының, жалпыәскери жарғылардың негіздерін үйренеді, сондай-ақ іс жүзінде атуды орындады.
Салтанатты рәсім бригаданың алаңында өтті.
Әрбіріңіз білім мен дағдыны, іскерлікті табандылықпен меңгерулеріңіз керек. Атап айтқанда – жауынгерлік дағдыны, әскери шеберлікті жетілдіріп, нағыз әскери маман болуларыңыз керек. Қасиетті антқа адал болыңыздар, – деді Құрлық әскерлерінің идеологиялық жұмыстар бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Нұржан Өмірзақов.
Шара соңында десантшы-жауынгерлер қоян-қолтық күрестің элементтерін, қаруды қолдану арқылы саптық әдістерді көрсетіп, салтанатты шерумен жүріп өтті.
Дәл осы күні теңіз пехота бригадасының жас толымдары да ант қабылдады.