Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылғанына 20 жыл

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ҚР Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің офицерлері, сержанттары мен сарбаздарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Құрметті Десанттық-шабуылдау әскерлерінің офицерлері, сержанттары мен сарбаздары! Сіздерді кәсіби мереке - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрылған күніне 20 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын! Басты міндеті – мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау болып табылатын десанттық-шабуылдау әскерлері әскери антқа адал екендігін дәлелдей отырып, жігерлі де қажырлы еңбектің арқасында өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, Отанымыздың сенімді қалқанына айналды, – деді министр.

Сондай-ақ, ол Десанттық-шабуылдау әскерлерінің армия мақтанышы, ұлттық қорғаныс жүйесінің ең маңызды бөлігі, ең білікті, шебер мамандардың бірі екендігін айтты.

Сіздер әскери және саяси жағдайдың күрт өзгеруі кезінде дағдарысты жедел шешуге әрқашан дайынсыздар. Десантшы жауынгерлер жас буынның патриоттық сезімін арттырумен, еліміздің даңқты батырларының дәстүрін құрметтей отырып, оны абыроймен жалғастыруда. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасы амандығын және еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін, – деді ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы